Пара алған бас маман өмір бойына лауазымды қызметтен босатылды

26 Наурыз 2020, 18:21
1591
Бөлісу:
Пара алған бас маман өмір бойына лауазымды қызметтен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, соңғы аптада пара алу дерегі Солтүстік Қазақстан облысында да тіркелген. Ол жайында аға тергеуші Данияр Бекайдаров брифинг барысында айтты.   

Солтүстік Қазақстан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары  қызметі мемлекеттік мекемесінің әскери жұмылдыру жұмысының бас маманы Бегімбетовке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғандығын мәлімденді.

Ол "Ырыс" ЖШС директоры қызмет барысында СҚО-дағы Мамлютка қаласындағы қойманы күзетудегі бұзушылық фактісі анықталуына байланысты шара қолданбағаны үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.
Осы жылдың 17 наурызында Петропавл қаласының сот үкімімен Бегімбетовке 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп атап өтті Данияр Бекайдаров.
2020 жылдың 8 ақпаны мен 16 наурыз аралығында қамауда болатынын ескере отырып, айыппұл түріндегі жаза 2 млн 600 теңгеге дейін азайтылды. Сонымен қатар, брифингте аталған тұлға лауазымды қызметтен өмір бойына босатылғандығы айтылды.




Өзгелердің жаңалығы