Бас мүфти балалар үйіне сыйлық алып барды

1 Маусым 2020, 23:43
2317
Бөлісу:
Бас мүфти балалар үйіне сыйлық алып барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған діни қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығына"  барып, мерекелік сыйлықтар тарту етті, деп хабарлайды muftyat.kz.

Карантин режиміне сәйкес бас мүфти ғимарат қақпасы алдында балалар үйінің басшылығымен жүздесіп, бүлдіршіндерге арналған түрлі ойыншықтар мен тәтті тағамдар, жеміс себеттерін табыстады.

Егемен еліміздің ертеңі болатын жас жеткіншектерге ізгі тілегін жеткізіп, арнайы дұға жасаған Наурызбай қажы Тағанұлы тәрбиеші апайларға да алғыс  білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі. Өз кезегінде мекеме директоры Бибігүл Сайлаубекқызы да қашанда ҚМДБ тарапынан, мешіттер атынан қамқорлық көрсетіліп келе жатқанын атап өтіп, өз ризашылығын айтты.

Өзгелердің жаңалығы