Бас жаңалықтар
Бас әскери прокурор азаматтарды қабылдайды
11 Маусым 2019, 22:08 358

Бас әскери прокурор азаматтарды қабылдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сіздерге 2019 жылдың 27 маусым күні сағат 16.00-де Сарыөзек және Приозерск гарнизондарының әскери прокуратураларында бейнеконференцбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Дастан Сартаевпен азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға кездесуге ниет білдірген азаматтар төменде көрсетілген әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуы қажет", - делінген таратылған ақпаратта.

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінде, ал Приозерск гарнизонының әскери прокуратурасы Қарағанды облысы, Приозерск қаласында орналасқан. 





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық