«Барыстың» 12 ойыншысы мен жаттықтырушысы індетке шалдықты

18 Қыркүйек 2020, 06:37
1690
Бөлісу:
«Барыстың» 12 ойыншысы мен жаттықтырушысы індетке шалдықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» ХК-нің ойыншылары мен бапкері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы хоккей клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Команданың 12 мүшесінде және жаттықтырушылар құрамында анықталған коронавирустық инфекцияға арналған тесттердің алғашқы оң нәтижелеріне байланысты, команда екі апталық карантиннен өтуі керек, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, «Барыстың» қатысуымен 18 қыркүйекте Риганың «Динамосымен», 20 қыркүйекте «Северстальмен», 22 қыркүйекте «Металлургпен», 21 қыркүйекте «Куньлунмен», 29 қыркүйекте «Витязьбен» ҚХЛ тұрақты чемпионатының 6 матчы өтуі тиіс болатын.

Құрлықтық хоккей лигасы матчтардың шегерілетін күні мен уақыты туралы қосымша хабарлайды. Лига әр нақты кейінге шегеруді клубтармен келісетін болады.


Өзгелердің жаңалығы