"Барыстың" жаңа бас бапкері тағайындалды

18 Маусым 2020, 03:31
1184
Бөлісу:
"Барыстың" жаңа бас бапкері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Барыстың" жаңа бас бапкері болып ресми түрде Юрий Михайлис тағайындалды. Клубпен келісімшарт 1 жылға жасалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Юрий Владимирович Михайлис 1969 жылы 23 сәуірде Қарағандыда туған. Ойыншы ретіндегі карьерасын қорғаушы позициясында өткізген. 2007 жылдан бері бапкер.

"Барыс" хоккей клубында 13 жылдан бері жүр.

"Барыс-2", "Снежные Барсы", "Номад" командаларында бас бапкер болған.

2017 жылы Юрий Михайлистің жетекшілігімен "Номад" Қазақстан чемпионы атанды.

Өзгелердің жаңалығы