«Барыстан» 13 хоккейші кетті

5 Мамыр 2021, 10:08
1381
Бөлісу:
«Барыстан» 13 хоккейші кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Барыс» хоккей клубының ресми сайтында хабарланды.

Қақпашы Сергей Кудрявцев, сонымен қатар қорғаушылар Джесси Блэкер, Диллон Хетерингтон және Алекс Линтуниеми өз спорттық мансабын басқа командаларда жалғастырады. «Барыс» клубқа сіңірген еңбегі үшін спортшыларға алғыс айтып, жаңа орында сәттілік тілейді, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін 1 мамырда Линус Виделль, Павел Акользин және Алексей Маклюковтің басқа клубтарға ауысатыны хабарланды.

Сондай-ақ қақпашылар Хенрик Карлссон және Йони Ортио, қорғаушылар Виктор Сведберг, Леонид Метальников, шабуылшылар Фил Варон, Якоб Лилья да клубтан кеткені анықталды.

Белгілі болғандай, спортшылардың басым бөлігінде келісімшарт мерзімі 30 сәуірде аяқталған екен.
 


 

Өзгелердің жаңалығы