"Барысқа" жаңа шабуылшы қосылды

24 Маусым 2020, 20:53
1351
Бөлісу:
"Барысқа" жаңа шабуылшы қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Барыс" хоккей клубының сапына жаңадан шабуылшы қосылды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.  

Швед ойыншысы Якоб Лильимен келісімшарт бойынша 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін бір кезең "Барыс" сапында ойнайды. 

Якоб бұған дейін "Коламбус" қатарында 37 ойын өткізіп, 5 (2+3) ұпай еншілеген. 

Былтыр ол "Юргорден" сапында үздік бомбардир атанып үлгерген. Швеция біріншілігінде барлығы 52 ойынға қатысып, 37 (12+25) ұпай еншілеген. 

Өзгелердің жаңалығы