Бас жаңалықтар
«Барыс» канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырды
28 Мамыр 2019, 16:50 697

«Барыс» канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы Корбэн Найтпен толықты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ойыншымен келісімшарт 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.

Найт соңғы үш жыл көлемінде Ұлттық хоккей лигасындағы «Филадельфия Флайерс» және «Лихай Вэлли Фантомс» клубтарының намысын қорғады. 

«Барыстың» жаңа ойыншысы ҰХЛ-да жалпы есебі 52 ойын өткізіп, 12 ұпай жиған.

Сондай-ақ, ол «Калгари» және «Флорида» командаларының сапында да  өнер көрсеткен. 

Айта кетейік, Найт Нұр-Сұлтан қаласы клубының қатарына қосылып отырған төртінші жаңа ойыншы. Бұған дейін «Барыс» Никита Клещенко мен Леонид Метальников және Финляндия құрамасының шабуылшысы Ииро Пакариненмен толыққан болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...