«Барыс» ХК ең қымбат хоккейшісі кім және табысы қанша?

2 Желтоқсан 2020, 06:39
1781
Бөлісу:
 «Барыс» ХК ең қымбат хоккейшісі кім және табысы қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасының ең көп табыс табатын ойыншыларының рейтингін жариялады. Олардың арасында «Барыс» капитаны Даррен Диц те бар.

Рейтинг жасау барысында басылым жылына 45 миллион рубльден көп табыс табатын ойыншыларды тізімге енгізген.  

15 орынның ішінде 9-орынды барыстық Диц пен өзге де алты хоккейші иеленген екен. Осылайша, Даррен Дицтің жылына 420 миллион теңге табатыны белгілі болды.  

Ең қымбат ойыншылар тізімін мәскеулік «Динамоның» шабуылшысы Вадим Шипачев бастап тұр. Ол жылына 120 миллион рубль (672,9 миллион теңге) табыс табатын көрінеді. 

Айта кетсек, 27 жастағы Даррен Диц – Канадада туып-өскен қазақстандық хоккейші, «Барыс» хоккей клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы.

Өзгелердің жаңалығы