«Барселона» клубының жаңа президенті сайланды

8 Наурыз 2021, 12:48
1858
Бөлісу:
«Барселона» клубының жаңа президенті сайланды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Испанияның «Барселона» футбол клубының жаңа президенті сайланды. 

Сайлауға үш үміткер – Жоан Лапорта, Виктор Фонт,Тони Фрейшу қатысқан. Осылардың арасында Лапорта жеңіске жетті. Ол бұл қызметті бұған дейін 2003-2010 жылдары атқарған. Оның тұсында клуб  12 трофей жеңіп алды. 

58 жастағы функционерге  30 184 адам дауыс берген. Бұл дауыс берушілердің 54,28 пайызын құрайды. Ал Виктор Фонт 29,29, Тони Фрейш 8,58 пайыз жинаған.

Лапорта сайлауға төртінші рет қатысып отыр.  Алғаш рет 2003 жылы жеңіске жетткен. Одан соң 2006 жылы басқа үміткерлердің болмауына байланысты өз қызметінде қалды. Ал 2015 жылы Хосеп Бартомеуден жеңілді.  Ол президенттік қызметтен 2010 жылы кеткен.

Өзгелердің жаңалығы