Бас жаңалықтар
Сайранбек Бармақов жаңа қызметке тағайындалды
14 Мамыр 2021, 15:50 328

Сайранбек Бармақов жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алған шенеунік енді Жол активтері ұлттық сапа орталығы бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады zakon.kz.

ҚР ИИДМ автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақов "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары болып тағайындалды, - деп атап өтті ҚР ИИДМ.
"Жол активтері ұлттық сапа орталығы" ШЖҚ РМК Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қарамағында. Кәсіпорын Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен құрылған болатын.

Жол активтерінің сапа орталығы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасаумен, сондай-ақ жол активтерін басқарумен айналысады. Жалпы пайдаланудағы барлық жолды, соның ішінде жергілікті автомобиль жолдарын тексеруді қамтиды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақовты «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалының басшысы қызметіне тағайындау туралы хабарламаны «түсінбеушілік» деп атағаны туралы хабарлағанбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...