Барлық жанкүйерлерге футбол мерекесін сыйлағымыз келеді – Алексей Шпилевский

25 Шілде 2019, 11:33
1333
Бөлісу:
Барлық жанкүйерлерге футбол мерекесін сыйлағымыз келеді – Алексей Шпилевский

– «Хапоэль» – дәстүрі бай команда. Сіздің команданың бапкері осымен төртінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне алып шықты. Сондай-ақ Барак Бахар УЕФА Чемпиондар лигасында тәжірибесі бар. Бізді үлкен футбол матчы күтіп тұр. Өте қызықты ойын болады. Қарсыласты зерттеп көрдік. Команда құрамы қатты өзгерген. Барлық жанкүйерлерге футбол мерекесін сыйлағымыз келеді. Біз мұнда нәтижеге жету үшін келдік. Турнирдің келесі раундына шығуды қалаймыз. Әрине, бұл оңай емес. Бірақ дайынбыз.

– Қандай нәтиже қолайлы болмақ?

– Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз. Бір аптадан кейін қарымта ойында да дәл солай болмақ.

– Еуропада тәжірибеңіз аздау. Бұл сіз үшін қиындық тудырмай ма?

– Тәжірибе - бұл салыстырмалы ұғым. Мәселен, мен он тоғыз жасымнан бастап жаттығып келемін. Тәжірибе біліммен маңызды. Ал жай ғана тәжірибе болса ол жеткіліксіз. Бастысы, білгенінді тәжірибе жүзінде қолдана білу.

– Көбісі, «Қайратты» фаворит санап отыр. Өзіңіздің ойыңыз қандай?

– Жоқ, мен олай айта алмас едім. «Хапоэль» өз алаңында жанкүйерлердің алдында ойнайды. Біз кімнің фаворит екеніне мән бермейміз. Шамамыз келген өз ойынымызды көрсетіп, жеңіске жетуге тырысамыз. Сондай-ақ еуропалық деңгейдегі өзіміздің жақсы жақтарымызды көрсететін боламыз.

Өзгелердің жаңалығы