Барлық теннис жарысы жазға дейін тоқтатылды

20 Наурыз 2020, 09:50
1481
Бөлісу:
Барлық теннис жарысы жазға дейін тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа байланысты барлық теннис жарыстары жазға дейін тоқтатылды, деп хабарлайды prosports.kz

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) кез келген турнирдің 7 маусымға дейін өтпейтіні туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Осылайша Рим (Италия), Мадрид (Испания), Рабат (Марокко), Мюнхен (Германия), Эшторил (Португалия), Женева (Швейцария) және Лион (Франция) додалары биыл өтпейтін болды. Соған байланысты теннисшілердің рейтингтері де осы кезеңде жаңартылмайды. 

Өзгелердің жаңалығы