Барлық мұғалімнің жалақысы көтеріле ме? Аймағамбетов жауап берді

3 Қыркүйек 2020, 13:58
5664
Бөлісу:
Барлық мұғалімнің жалақысы көтеріле ме? Аймағамбетов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте спикерлер журналистер жолдаған сауалдарға жауап берді.

Президент педагогтардың жалақысын 2021 жылдан бастап 25%-ға көбейтуді тапсырды. Барлық мұғалімнің жалақысы көтеріле ме? Мектептерде жұмыс істегенімен жалақысы көтерілмейтін қызметкерлер бар ма? деген редакциямыздың сауалына министр былай деп жауап берді.
«Педагогтардың статусы» туралы Заңға сәйкес, педагогтар қатарына тек қана мектептің педагогтары жатпайды. Колледждің, балабақшада істейтін және де қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары кіреді. Сондықтан Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бойынша барлық педагогке тиесілі болады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың  қыркүйегінен бастап мұғалімдердің дәптер тексергені және сынып жетекшілігі үшін алатын  үстемақылары 2 есеге ұлғайды. Сонымен қатар магистр дәрежесі бар педагогтардың жалақысына 27 мың теңге көлемінде жаңа үстемақы қосылды.
Өзгелердің жаңалығы