Барахолка маңында болған өрттің мән-жайы анықталды

25 Қыркүйек 2021, 17:40
6981
Бөлісу:
Барахолка маңында болған өрттің мән-жайы анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы ТЖД баспасөз қызметі Алатау ауданында шыққан өрттің мән-жайын түсіндірді.

ТЖД мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 09:30 шамасында тұрғындардан барахолка ауданында жану туралы шақыртулар бірінен кейін бірі келе бастаған. Оншақты қоңыраудың алғашқысы болып, Алатау ауданындағы Шапағат шағын ауданында тұратын ер азаматтан түскен.

7 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 100 шаршы метр аумақты алған үй төбесінің ашық жалынмен жанғанын және өрт жақын маңдағы шаруашылық үй-жайға өткенін анықтады. Өрт шарпыған үйден 50 литр газ баллоны эвакуацияланды. Жарылыс және өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт 09:53-те ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Үй жабындысы бетонмен жабылған, сол себептен өрт әрі қарай тұрғын үй-жайларына таралмаған. 

Алматы қаласы ТЖД шатырлы үй-жайларда өртті болдырмау үшін электр сымдарын өртке қауіпсіз күйге келтіруді, олардың жарамдылығын қадағалауды, электр желілерін шамадан тыс жүктемеуді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы