Бас жаңалықтар
Бараев атындағы институттың директоры мен бірқатар қызметкері сотталып кеткен
17 Қыркүйек 2021, 16:18 649

Бараев атындағы институттың директоры мен бірқатар қызметкері сотталып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «AntikorNews» брифингінде айтты.

Ақкөл аудандық соты АШМ И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаевты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ «Монолит-1» ЖШС директоры Сұлутаева 8 жылға, орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Косакова 8 жылға, кадр бөлімінің маманы 4 жылға сотталды, - деді ол.
Ол айтқандай, аталған тұлғаның барлығы орташа қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде жазасын өтейді.

Олар өмір бойына лауазымды қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. Олар ғимараттың құрылысы кезінде құрылыс материалдарын алатын келісімшартты белгілі бір компаниялармен жасасқан. Осылайша, мемлекетке 190 млн-нан астам шығын келтірілген, - деді Бекайдаров.

Айта кетейік, жыл басынан бері жемқорлық жасаған 500-ден астам адам сотталғаны анықталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...