«Бар мейірім – балаларға»

1 Маусым 2019, 16:09
3835
Бөлісу:
«Бар мейірім – балаларға»

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1-маусым Халықаралық балалар күніне орай «БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. 

Мерекелік шараға аудан әкімі және зиялы қауым өкілдері мен оқушылар, бүлдіршіндер қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы мен Отрар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директоры Ерсін Ботабайұлы өскелең ұрпағымыз елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары екендігін, бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты, тәрбиелі, саналы болып өсуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын екендігін жеткізіп, бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік шарада бүркітті құс патшасы деп дәріптеген көшпенді халықтың қыран құсқа деген сүйіспеншілігі арқау болған «Мұзбалақ» және көшпенді халықтардың басын біріктірген Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің қалай батыр болғандығын көрсететін «Күлтегін» аннимациялық мультфильімі қойылып, балалар мультфильм кейіпкерлерін қызықтай тамашалады.

Мультипликация арқылы жас көрермендерімізді мейірімділікке шақыратын, тарихқа деген қызығушылығын арттыру және достықты жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында көрсетілген «Күлтегін» анимациялық фильмі 2018 жылдың 22 қарашадан бастап, ал «Мұзбалақ» толық метражды анимациялық фильмі 2018 жылдың 18-қазанында қалың көрерменге жол тартып, жоғарғы бағаға ие болған еді.

Балалар өздерінің қиял деңгейлерін дамытуға, ой-ұшқырлығына, танымдық белсенділігі мен ізденгіштік қабілеттерін жетілдіруге көп әсерін тигізетін – сурет салу өнерлерін де көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарып, балалар кейіпкерлерді қызықтап қарай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын бағамдап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, балаларға викториналық сұрақтар қойылып, балалар өздерінің еркін ой-пікірлерімен жауаптар берді. Шара соңында балаларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар үлестірілді.
Өзгелердің жаңалығы