Көпбалалы отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасымен пәтер ала алады

14 Наурыз 2019, 10:16
4047
Бөлісу:
Көпбалалы отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасымен пәтер ала алады

Астана, BAQ.KZ. Алматыда жеңілдікпен тұрғын үй алу үшін азаматтардан өтініштер қабылдау 2019 жылғы 18 наурыздан 11 сәуірге дейін жалғасады.

«Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша Алматы қаласының тұрғын үй коммуналдық қорынан алматылықтарға жылына 2% мөлшерінде қарыз бере алады. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде жеңілдікпен пәтер алады, деп мәлімдеді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы.

Бағдарламаға қатысушылар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан 15 миллион теңгеге дейін несие ала алады, ал бастапқы жарна мөлшері жылына 2%  төмен тұрғын үй құнының 10% құрайды.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші құжаттардың стандартты пакетін қосу керек. Оған жеке куәлік, 2008 жылдан кейін дүниеге келген баланың туу туралы куәлігі, 2008 жылдан кейін бекітілген неке туралы куәлігі және т.б. Негізгі құжаттар электронды порталда автоматты түрде жасалады және өтінішке қоса беріледі, қатысушы тек келесі сканерленген құжаттарды ғана қосады, 2008 жылға дейін дүниеге келген баланың туу туралы куәлігі,   неке туралы куәлігі (некенің бұзылғандығы туралы), 2008 жылға дейін, жолдасының/жұбайының қайтыс болғандығы туралы куәлік, некеде тұрмайтындығы туралы нотариалды бекітілген арыз.

Өтініштер www.baqytty-otbasy.kz электрондық сайты арқылы жіберіледі. Толық ақпарат алу үшін Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты Басқармасына +7 (727) 225 12 04, +7 (727) 225 14 57, +7 (727) 225 14 44 телефондары арқылы, сондай- ақ «ТҮҚЖБ» АҚ қолдауымен тегін байланыс телефоны бойынша 8-8000-801-880 хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы