#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

25 Қараша 2020, 16:46
2558
Бөлісу:
#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін BAQ.KZ редакциясы 10 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

BAQ.KZ – Қазақстанның түпкір түпкірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы. Мақсаты – интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев атаулы күнмен редакция қызметкерлерін құттықтап, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді.

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

Құрметті «BAQ.KZ» ақпарат агенттігінің ұжымы! Сіздерді «BAQ.KZ» ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде «BAQ.KZ» ақпарат айдынындағы қарқыны мен тынымсыз тірлігінің арқасында аз уақыттың ішінде еліміздегі ұлт тілінде ақпарат тарататын жетекші агенттікке айнала білді. Агенттіктің мемлекеттік саясатты насихаттауда еліміздің мерейлі сәттерін, оң өзгерістерін паш етумен қатар, халқымыздың мәселелеріне мән беру тұрғысынан Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі зор, - делінген министрдің құттықтауында.
Сонымен қатар, редакция ұжымы министрдің алғыс хатымен марапатталды.

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

Оның ішінде агенттіктің шығарушы редакторы Самал Алманова «Ақпарат саласының үздігі» медалімен, бас редактор Мөлдір Бекбергенова мен аймақтық желі редакторы Назым Бөлесова және BAQ.KZ тілшісі Ержан Жаубай алғыс хаттармен марапатталды.

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

Одан бөлек, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаров атынан редакцияның барлық қызметкеріне алғыс хат берілді.

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

Салтанатты шара барысында редакцияға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы атынан алғыс хаттар келіп түсті.

Айта кетейік, BAQ.KZ ақпарат агенттігі Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылды.

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

Осы ретте, 10 жылда порталдың жұмысына өз үлестерін қосқан бас редакторлар BAQ.KZ-тің тарихы туралы айтып берген болатын.

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

#BAQ.KZ10жыл: Ақпарат агенттігінің ұжымы марапатталды

Өзгелердің жаңалығы