"BAQ.KZ" тілшісі Президенттің алғыс хатына ие болды

27 Маусым 2020, 15:21
5463
Бөлісу:
"BAQ.KZ" тілшісі Президенттің алғыс хатына ие болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Әріптесіміз, "BAQ.KZ" ақпараттық агенттігінің тілшісі Аягөз Құрмаш ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

photo5456552420114017512.jpg

Жалпы, Мемлекет басшысының марапатына құрамына "BAQ.KZ" ақпараттық агенттігі кіретін "ҚазАқпарат" ХАА" АҚ бірқатар журналисі бар.

Оның ішінде "ҚазАқпарат" агенттігі қазақ редакциясының тілшісі Руслан Ғаббасов, "STRATEGY 2050" ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Салтанат Сұрағанова Президент алғысына ие болды. 

Бұдан бөлек, "ҚазАқпарат" ХХА мультимедиялық контент бөлімінің басшысы Дулат Нуркин де Мемлекет басшысының алғысын алған еді. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ақпараттық жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымына да алғыс жариялады. 

Айта кетсек, 2020 жылы ҚазАқпарат пен Қазконтент біріккен болатын. Қазір "ҚазАқпарат" АҚ құрамында "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігі, "BAQ.KZ" ақпараттық порталы, Вaigenews.kz ақпарат агенттігі, Еl.kz танымдық порталы, Kaztube.kz ұлттық видеопорталы, E-history.kz тарих порталы, Adebiportal.kz әдебиет порталы, Strategy2050.kz аналитикалық порталы, Премьер-министрдің Primeminister.kz сайты бар. Биыл агенттікке 100 жыл толады. 

Өзгелердің жаңалығы