BAQ.KZ ақпарат агенттігіне – 9 жыл

24 Қараша 2019, 11:02
5396
Бөлісу:
BAQ.KZ ақпарат агенттігіне – 9 жыл
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күніне 100-ге жуық ақпарат тарататын мемлекеттік агенттіктің құрылғанына 9 жыл толды.

BAQ.KZ ақпарат агенттігі мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған.

Мақсаты – интернет желісінде қазақтілді БАҚ-тың ықпалын күшейту және барлық қазақтілді бұқаралық ақпарат құралына бір ғана сілтемемен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ алаң құру, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.

BAQ.KZ Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде №11820-ИА куәлігімен тіркелген.

2014 жылдың қорытындысы бойынша сайт Award.kz ұлттық интернет байқауының "Масс-медиа" номинациясында ІІІ орынды иемденді.

Өзгелердің жаңалығы