Бас жаңалықтар
Баннердегі есірткі жарнамасына қатысты күдіктілер Қарағандыда ұсталды
21 Қараша 2019, 16:37 2053

Баннердегі есірткі жарнамасына қатысты күдіктілер Қарағандыда ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері есірткі заттарының сайты мен QR-коды белгіленген жарнама баннеріне тапсырыс берген адамды анықтады және Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен қалаларында баннерді ілген сенімді адамы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі уақытта делдал ұсталды, онымен процессуалды жұмыстар жүргізуліп жатыр. Жарнамалық баннерлерді ілген заңды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды,-делінген хабарламада.

Кеше әлеуметітк желілерде Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Шымкент қалаларындағы бірнеше жарнама баннерінде есірткі заттарын сататын сайт пен QR коды көрсетілгендігі хабарланған болатын.

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы алғашында бұл сайтта басқа мәліметтер болғанын, баннер ілінген соң оны өзгертіп тастағандарын мәлімдеген еді. Көп ұзамай барлық қаладағы мұндай баннерлер алынып тасталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...