Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

28 Қаңтар 2019, 21:14
2417
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 2 ақпанынан бастап 180 күнге дейін кешіктірілген ипотекалық қарызға сыйақы алуға тыйым салынады. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Бұған дейін жұмыс істеп келген заңнамада мұндай мерзім қарастырылмаған.

«Мұндай түзетулер заңды тұлғаны (қарыз алушы) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетпеуінен қорғайды. Сондай-ақ банктің қарыз алушыға қатысты шара қолданудағы жауапкершілігін арттырады», - делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет» заңына енгізілген түзету 2019 жылдың 21 қаңтарында меншік, арбитраж құқығын қорғау, соттық жүктемені оңтайландыру мен қылмыстық заңнаманың әрі қарайғы ізгілендіру мәселесіне қатысты қабылданған заң аясында жасалған.
Өзгелердің жаңалығы