Бас жаңалықтар
Банктер азаматтарды қанап жатыр – депутат
25 Қыркүйек 2021, 16:35 2918

Банктер азаматтарды қанап жатыр – депутат

Алматы, BAQ.KZ. Банктер үстем ақы дәрежесін, одан басқа көлеңкелі төлемдерін есептегенде пайыз мөлшерлемесі 30 пайыздан асып түседі. Бұл азаматтарды көпе-көрнеу қанау болып табылады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, біздің қаржы-экономикалық сферадағы әлі «кенже» қалған, өзінің адами бет-бейнесін өзгертпеген сала - банк жүйесі.

Банк жүйесі адамгершілігі төмендеу, бауырластық дәрежесі ергежейлі пенде тәрізді. Бүгін банктер азаматтарды, олардың қаржы мәдениетінің қалыптаспай жатқанын пайдалана отырып, қаржы саласындағы өз құқығын қорғау дәрежесінің төмендігін пайдалана отырып, біздің ағайынды қанап жатыр. Бұл рас!, - деп жазды ол.
Оның ойынша, банктер үстемақы дәрежесін, одан басқа көлеңкелі төлемдерін есептегенде пайыз мөлшерлемесі 30 пайыздан асып түседі. Бұл азаматтарды көпе-көрнеу қанау болып табылады. Сондықтан ол бұл практиканы тоқтататын уақыт жетті дейді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге мемлекет енді көмектеспейтіндігін мәлімдеді. Өте дұрыс шешім! Енді банктер мемлекеттен алған қаржыны қайтарды ма, соны тексеру керек. Ол үшін мемлекетке де қаржы саласында нақты қадамдарға бару керек, - деп жазды депутат.
Саиров сондай-ақ инфляция деңгейін бақылауға алу қажеттігін алға тартты.
Сонымен бірге банклердің мемлекеттік қаржы саласындағы, экономикадағы қан жүгіртуші организм екендігін есте сақтау қажет. Біздің банклер адамдарды «кредит инесіне» отырғызып, солардың қаржысын, нерв жүйесін соруға бейімделген. Банк жұмысын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағыттау керек. Мемлекет, елге көмегі тисін. Әділеттілік, теңдік принциптері қаржы саласына да тиісті!, - деп жазды Саиров.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...