Банкадағы томат пастасын неше күн пайдалануға болады?

26 Шілде 2021, 22:54
3564
Бөлісу:
Банкадағы томат пастасын неше күн пайдалануға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Банкадағы томат пастасын ашқаннан кейін көгеріп кетпес үшін кейбір әйел үстіне сұйық май құйып қою керегін интернетке де шығарып, айтып жүр. Бірақ ол қауіпті, дейді қазақстандық нутрициолог, дәрігер Гүлмаржан Бекмұратқызы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желісінде хабарлады.

Айтуынша, май - бактерия көбейетін ыңғайлы орта, тек көзге көрінбегені болмаса, көгеріп тұрған зең жегеннен де қауіпті. 

Сондықтан ашылған банканы 2 күннен ұзаққа сақтамау керек. Бірақ мен адамдарды магазиндегі пасталарды мүлдем пайдаланбауға шақырар едім. Негізі томат - қызанақтың қабығын тазалап, езіп, бірнеше рет сүзгіден өткізіп, қайнатып алынған өнім. Яғни, құрамында қызанақтан басқа зат болмауы тиіс. Иістендіргіштер, бояу, қышқыл, консервант, тұрақтандырғыш, тұз, су және қант қоспаған өнім ғана мемлекеттік стандарт бойынша дұрыс тағам болып саналады, - дейді ол.
Нутрициолог табиғи томат пастасының құрамында цинк, фосфор, калий, магний, кальций, темір және А, В, С, Е витаминдері де болуы тиіс екенін айтты.
Басты пайдалы зат ол - ликопин. Қартаюдың, рак ауруларының және ер адамдардың зәр шығару жолдарының ауруларына қарсы тұрады. Қызанақты қайнатып, артық суын буландырып, қою өнім алғаннан кейін, бұл өнімдердің пайдасы еселене түседі. Әрі калория көп емес. 100 грамм томатта - 15 ккал ғана. Егер дүкендегі томаттан осындай жазулар көрсеңіздер ғана ол таза өнім деген сөз, - деп түсіндірді дәрігер.
Ол бізге кездесетін пасталарда көбіне құрамын жасыру үшін қоюландырып тұратын крахмал қосылатынын айтады. Одан бөлек, тұрақтандырғыштар мен натрий бензонаты, бояуыштар тағы бар. 
Бәрі де атынан-ақ түсінікті. Ал бензонат деген не? Ол улы консервант. Бүйрек және бауыр жұмысын бұзатын, әсіресе тағамдық аллергия туындататын қауіпті химиялық зат. Көп тұтынылған кезде ағза ақырындап улана бастайды. Егер С витаминімен реакцияға түссе, бензол деген қауіпті концерогенге айналады, - деп ескертті Гүлмаржан Бекмұратқызы.

Өзгелердің жаңалығы