Банк картасын ұстайтындардың дені кредитке күн көріп отырғандар – Перуашев

13 Қараша 2019, 13:32
3734
Бөлісу:
Банк картасын ұстайтындардың дені кредитке күн көріп отырғандар – Перуашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында  депутат Азат Перуашев қолма-қол ақшасыз төлемдерін тексерудің арты жақсылыққа апармайтынын айтып, қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сауал жолдады.

Өткен аптада Сенат отырысынан кейін бірінші қаржы вице-министрі  салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтау үшін қазақстандықтардың ақшалай аударымдарын тексерілетінін айтқан еді. Яғни адамға басқа жеке тұлғалардан ақшБерік Шолпанқұлова тұрақты түрде түсіп тұрса, онда салық қызметтері мұны тексереді екен.
Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды және қатаң сыңға ілікті. Президент Тоқаев өз Жолдауында үкіметке шағын бизнесті үш жылға табыс салығын төлеуден босатуды тапсырды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылға мораторий енгізді. Ал шағын бизнес айналымын әкімшілеудің мәні жоғалып отыр. Азаматтар жеке картасымен миллиондап ақша аударады деп ойламаймын, басым бөлігінің қолында мұндай ақша да жоқ, - деді Перуашев.
Ол қарапайым халық банк картасымен азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек сатып алғанда есеп айырысады деп отыр.
Мүмкін, мұндай төлемдер жасайтындар арасында жасырын миллионерлер бар шығар, бірақ олардың саны статистика бойынша 100-ден бір пайызын ғана құрайды, - деп сендірді депутат.
 Ол байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық туралы ірі халықаралық аудиторлық KPMG компаниясының  мәліметтерін мысалға келтірді.
Бұл компанияның зерттеу нәтижесі табысы жылына 100 мың доллардан асатын қазақстандықтардың үлесі небәрі 0,4%-ды көрсетіп отыр. Халықтың 97%-і жылына 10 мың доллардан аз табыс тапса, Қазақстанның бүкіл кірісінің жартысы 0,001%-ке немесе 162 адамға тиесілі. Осы ретте 0,4 % қалған азаматтардың 99%-ына әсер етеді деп ойламаймын. Ендеше халықты қорқытып-үркітудің қажеті жоқ, - дейді "Ақ Жол" партиясының көшбасшысы.
Ол банк картасын қолданатындардың басым көпшілігі кредитке өмір сүріп отырғандар екенін айтты.
Бұл сатып алушыларға да, кәсіпкерлерге де қатысты. Өйткені олардың көпшілігі банктерге және бір-біріне қарыз. Құрметті салық тексерушілер, сіз төлем карталарын бақылау арқылы табысын жасырған миллионерлерді таппайсыздар. Бұл адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамайды, өздерінің нанын өздері тауып отыр.  Одан да миллиондаған пара алып, миллиардтаған ақшаны оффшорға тыққандарды іздеуге кеңес беремін, - деді Перуашев.
Ол Әлихан Смайыловтан вице-министр Берік Шолпанқұловтың төлем карточкалары бойынша операциялардың жекелеген түрлеріне салық салу туралы мәлімдемесін растауды немесе теріске шығаруды сұрады.
Егер, министрліктің осындай жоспары болса жүзеге асырудан бас тартуды тым болмағанда, оны шағын бизнесті табыс салығынан босату мерзімі аяқталғанға дейін іске асырмауды сұраймыз, - деді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ерболат Досаев онлайн ақша аударымдарын тексеру қашан басталатынын айтқан еді. Сондай-ақ, бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге ҚР ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ЕАЭО елдері арасында ортақ валюта енгізуге қатысты пікір білдірді.
 

Өзгелердің жаңалығы