Ұлттық банк инвестиция тарту статистикасын тоқсан сайын жариялайды

28 Қаңтар 2020, 11:08
1596
Бөлісу:
Ұлттық банк инвестиция тарту статистикасын тоқсан сайын жариялайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық банкі барынша айқын мәліметті алу үшін 2020 жылғы сәуірден бастап мұнай-газ саласын есепке алмастан, тікелей шетелдік инвестицияларды әкелу статистикасын тоқсан сайын жариялайтын болады. 

Бұл туралы Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев хабарлады. 

Қаржылық технологиялар мен инновациялар – бүкіл қаржы секторын дамытудың негізі. Қаржылық технологияларды нарыққа енгізу тұрғысынан ғана маңызды емес, бүкіл қаржы секторын кешенді дамытудың факторы. Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қаржы технологияларын және инновацияны дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын әзірлейді, - деп мәлімдеді Ерболат Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Ол инвестициялар статистикасына айрықша тоқталып өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде тікелей инвестицияларды тарту – елді дамытудың негізгі құралы болып табылады. 

Барынша айқын мәліметті алу үшін Ұлттық банк 2020 жылғы сәуірден бастап мұнай-газ саласын есепке алмастан, тікелей шетелдік инвестицияларды әкелу, яғни тарту статистикасын тоқсан сайын жариялайтын болады. Қаржылық тұрақтылық пен қаржы секторын одан әрі реформалаудың барлық шараларын үйлестіру Президенттің жарлығына сәйкес құрылған қаржылық тұрақтылық жөніндегі Кеңес арқылы қамтамасыз етіледі,  - дейді Ұлттық банк төрағасы.
Өзгелердің жаңалығы