Ұлттық банк 2000 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады

19 Ақпан 2020, 23:44
13636
Бөлісу:
Ұлттық банк 2000 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесіне қатысты ескерту жариялады.

Онда банкноттары мен монеталар дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салды.

Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті – делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар банк қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Қолма-қол ақша айналысы департаментіне (+7 (727) 596-814 телефондары бойынша) хабарласуды сұрайды.
Өзгелердің жаңалығы