Бас жаңалықтар
Бангладеште су тасқынынан миллиондаған адам босып кетті
06 Тамыз 2020, 04:51 271

Бангладеште су тасқынынан миллиондаған адам босып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангладеште бірнеше күн қатарынан жауған жауын тасқынға ұласты. Салдарынан миллиондаған тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазды Хабар-24.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Бангладештің 25 процент жері топан су астында қалған. Аймақтағы өзен мен көлдер арнасынан асып кеткен. Мамандар Джамуна өзенінің суы қауіпті деңгейге жеткенін айтады.

Апаттан бір айдың ішінде 135 адам мерт болып, 5 млн жуығы зардап шекті. 
Су тасқыны ел тұрғындарын әуре-сарсаңға салды. Ислампур ауылы түгел су астында қалды. 30-дан астам баспананы су шайып кетті. Жағдайымыз өте ауыр. Зардап шеккендерге үкіметтен көмек көрсетілу керек. Барар жер, басар тауымыз қалмады. Халықты уақытша баспанамен қамтамасыз ету керек, - деді жергілікті тұрғын Мохаммад Ашраф Али.
 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...