Бангладеш аумағының үштен бірі су астында қалды

24 Шілде 2020, 18:45
2113
Бөлісу:
Бангладеш аумағының үштен бірі су астында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жауын-шашын салдарынан болған су тасқынынан 3 млн-ға жуық жергілікті тұрғын зардап шекті.

Банладештегі муссондық жаңбыр салдарынан 2,8 млн-нан астам адам зардап шекті, олардың үйлері қирап, егістік су астында қалды деп хабарлайды South China Morning Post. Қаза болғандардың жалпы саны 95 адам. Оның жетеуі найзағайдан көз жұмса, сегіз адамды жылан шағып өлтірген. 

Қазір елде хаос басталды, ал ел тұрғындарына су астында қалған егістік шығыны, коронавирус эпидемиясынан туындаған азық-түлік дағдарысы қауіп төндіруде. Жағдай көрші Үндістаннан келіп жатқан қосымша су ағынымен одан сайын ушығып барады, қазір ол жақта да нөсер үдей түскен.

Су тасқыны мамыр айындағы муссондық жаңбырдан кейін басталды және Бангладеш аумағының үшінші бөлігі су астында қалды. Жергілікті БАҚ бұл су тасқынын 1988 жылдан бері болып отырған ең күшті су тасқыны деп атады. Ол жылдары су тасқыны салдарынан 500-ге жуық адам қаза тауып, 25 млн жергілікті тұрғын баспанасыз қалған еді.
Өзгелердің жаңалығы