Бангладеш астанасындағы өрттен 69 адам көз жұмды

21 Ақпан 2019, 10:24
2226
Бөлісу:
Бангладеш астанасындағы өрттен 69 адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Бангладеш астанасы Даккада болған алапат өрт 69 адамның өмірін қиды, деп жазды РИА Новости.

Өрт сәрсенбі күні тұрғын үйден шыққан, сондай-ақ бұл үй химиялық қойма ретінде пайдаланылып келген. Бангладеш өрт сөндіру қызметінің өкілі Әли Ахмед өрттің шығуына газ баллоны себеп болуы мүмкін деген.

Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметінің өкілі Махфуз Ривен осы уақытқа дейін 69 адамның мүрдесін шығарғандарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы