Балықты заңсыз аулағандар ұсталды

8 Мамыр 2022, 14:07
1509
Бөлісу:
Балықты заңсыз аулағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы басталғалы  табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 828 фактісі анықталды. 33 қылмыстық іс қозғалды. 609 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдың жалпы сомасы 13,3 млн теңгені құрады, деп хабарлады «Ақжайық» газеті. 

Балық қорғау, полиция және шекара қызметінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 17 тонна 993 келі балық, оның ішінде 996 келі бекіре тұқымдас балық түрін, 2023 аулау құралын, 101 жүзу құралын тәркіледі, – дейді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

Бұдан басқа, бекіре балығын өсіру зауыттары үшін мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 174 ересек балық, оның ішінде бір аналық қортпа ауланып, одан 35 келі уылдырық, 8 бекіре, 155 шоқыр және 10 сүйрік алынды.

Өзгелердің жаңалығы