Эстониядағы әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық екі балуан жүлделі болды

14 Тамыз 2019, 09:23
2166
Бөлісу:
Эстониядағы әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық екі балуан жүлделі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамыз күні Таллинде (Эстония) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде команда қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлады Olympic.kz.  

"Еркін күрестен 57 келіде сынға түскен Адлан Асқаров пен 65 келіде белдескен Талғат Сырбаз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды", - делінген хабарламада.  

57 келіде жеңімпаз атанған балуандар: 

1. Тошия Абе (Жапоня);

2. Виталий Орджуев (АҚШ);

3. Ахмед Идрисов (Ресей), Адлан Асқаров (Қазақстан).

65 келіде жүлдегер атанған балуандар:  

1. Амирхоссейн Азим Махсуди (Иран);  

2. Курбан Шираев (Ресей);  

3. Туран Байрамов (Әзірбайжан),  Талғат Сырбаз (Қазақстан).

Әлем чемпионаты 18 тамызға дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы