Балуан Эльмира Сыздықова Ресейде өткен турнирде қола медальға ие болды

28 Қаңтар 2019, 12:30
1847
Бөлісу:
Балуан Эльмира Сыздықова Ресейде өткен турнирде қола медальға ие болды

Алматы, BAQ.KZ. Красноярск қаласында еркін күрестен «Иван Ярыгин» атындағы Гран-при турнирі аяқталды.  Балуандар арасындағы рейтингілік дода Қазақстан құрамасы үшін бір медальмен аяқталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

76 келіде сынға түскен Эльмира Сыздықова қола медаль үшін күресте өзбекстандық Шахрибон Эллиевадан басым түсті. 

Ал ерлер арасында бақ сынаған Асхат Слямханов (70 келі) пен Абзал Өкенов (57 келі) жүлдесіз қалды. 

Айта кетелік, Ярыгин турниріне Қазақстан командасы толық құраммен қатысқан жоқ. Еліміздегі балуандардың басым көпшілігі Шымкентте өтетін ел чемпионатына дайындалуда.
Өзгелердің жаңалығы