Балқашта оңалту орталығы мен инфекциялық стационар ашылды

26 Наурыз 2021, 06:44
1407
Бөлісу:
Балқашта оңалту орталығы мен инфекциялық стационар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта алғашқы оңалту орталығы іске қосылды. Мекеме қызметтердің кең спектрін ұсынатын болады, деп хабарлайды Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоба Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «Балқаш медициналық орталығы» ЖШС арасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылды.

Медициналық мекемеде орталық және перифериялық жүйке жүйесі, қан айналымы жүйесі ауруларына байланысты қозғалу бұзылыстары бар, жарақаттардан, жүрекке, миға және буындарға операция жасалғаннан кейін ересек пациенттер емделетін болады. Мұнда олар кинезо, механо және эрготерапия, дәрі-дәрмекпен емдеу және т.б. алады.

Орталықта ай сайын 80-нен астам адам оңалтудан өтеді. Пациенттерді жақын маңдағы елді мекендерден – Приозерск, Ақтоғай және Шет аудандарынан да қабылдайтын болады.
Оңалту орталығы ауданы 1 700 шаршы метр үш қабатты ғимаратта орналасқан.
Бірінші қабатта тіркеу орны мен лифт, екінші қабатта - оңалту терапиясынан өтуге арналған медициналық жабдықтары бар залдар, үшінші қабатта - емшара кабинеттері мен тәулік бойы болуға арналған палаталар орналасқан.

Орталық заманауи медициналық және технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
Штатта 6 дәрігер және 14 орта медициналық қызметкерлер бар.
Бұған дейін жыл сайын 700-ге жуық балқаштықтар облыстық клиникаларға оңалтуға жіберілетін. Енді көмектің бұл түрі қаланың өзінде қолжетімді.

Сондай-ақ наурыз айының алдында Балқашта жұқпалы аурулар ауруханасының корпусы іске қосылды, онда КВИ-мен ауыратын науқастар емделетін болады.

Төрт қабатты ғимаратты күрделі жөндеу 2021 жылдың ақпан айының соңында аяқталды. Бұған дейін корпус төрт жыл бойы тек жартылай ғана пайдаланылған. Қазір бұл 100 төсекке арналған толыққанды типтік жұқпалы аурулар ауруханасы.
Ғимараттың бірінші қабатында қабылдау-диагностикалық бөлімшелер, жеке кіретін есігі және бөлек сору-сыртқа тарату желдеткіші бар алты бокс, рентген-кабинет орналасқан. Екіншісінде – анестезиология және жан сақтау бөлімі және тағы алты бокс бар.

Ғимараттың үшінші және төртінші қабаттарында операциялық блок, перзентхана, палаталары бар бөлімшелер ашылған. Сондай-ақ, медициналық мекеменің құрамында өзінің бактериологиялық зертханасы жұмыс істейді.
Аурухана балалар мен ересектерге мамандандырылған көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық және технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
Қазіргі жағдайда медициналық мекеме тек коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдайды. Пандемия аяқталғаннан кейін инфекцияның кез келген түрін емдеуге арналған стационар ретінде жұмыс істейтін болады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы