Балқаш қаласында бос тұрған ғимарат құлады

12 Қараша 2020, 18:48
1512
Бөлісу:
Балқаш қаласында бос тұрған ғимарат құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қарашада Балқаш қаласында Ленин көшесі бойында жұмыс істемейтін ғимараттың шамамен 360 шаршы метр алаңда қабырғасы қирады. 

Қабырға құлау салдарынан кірпіш сынықтарынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасында 4 адам жарақат алды. Бұдан басқа, іргелес жұмыс істеп тұрған авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды. 

Төрт ер адам – авто жөндеу шеберханасының қызметкерлері, дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы