Енді баланың мүгедектігін растау үшін ХҚКО барудың қажеті жоқ

17 Қаңтар 2020, 16:40
1815
Бөлісу:
Енді баланың мүгедектігін растау үшін ХҚКО барудың қажеті жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Egov.kz порталында 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мүгедектікті растаудың онлайн қызметі қолжетімді болды.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-на бармай, 18 жасқа дейінгі баланың мүгедектігі туралы ақпаратты онлайн режимде растауға мүмкіндік берді.

Жаңа қызмет egov.kz электрондық үкімет порталында "Әлеуметтік қамсыздандыру" – "Мүгедектерді қолдау" бөлімінде қолжетімді. Жаңа функцияны ЭЦҚ және /немесе бір реттік пароль көмегімен пайдалануға болады.

Бұрын портал арқылы мүгедектікті растайтын құжатты ересектер ғана ала алатын, ал мүгедектігі бар кәмелетке толмаған баланың ата-аналары растау алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына келуі керек болатын. Жаңа қызмет бұл процесті едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді, - деді ЕРДО Мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры Серік Тоғызбай.


Өзгелердің жаңалығы