Баланың терезеден құлауына жол бермеу үшін не істеу керек?

26 Мамыр 2020, 17:38
1889
Бөлісу:
Баланың терезеден құлауына жол бермеу үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018-2020 жылдар аралығында қалада 51 баланың терезеден құлау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда "Өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлау оқиғалары" тақырыбында брифинг өтті. ТЖД өкілдері балаларды қайғылы оқиғадан сақтаудың негізгі ережелерін еске салды. Құтқарушылар бірінші кезекте балаларды ешқашан жалғыз қалдырмауға кеңес береді. 

Терезеге жақын тұрған жиһаздың барлығын жылжыту керек, сонда жақтауға шыға алмайды. Москит торына ешқашан сенуге болмайды, – деді мамандар.

Оған қоса, терезеге қорғаныш құралдарын орнату керек, сонда балалар терезені бірнеше сантиметрден артық аша алмайды. 

Терезеге тор орнатып, қорғаңыз. Егер балаға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, мықтап ұстаңыз. Бүлдіршіннің шапшаң қимылдарына дайын болып, құрғақ қолмен баланы киімінен емес, өзін мықтап ұстау қажет. Егер сақтандыру құралдарын орнатуға мүмкіндік болмаса, есіктің тұтқасын бұрап алып тастау керек. Қажет кезінде ашып, пайдаланған соң жауып отыруды ұмыптаған жөн, – деді ТЖД. 

Айта кетейік, 2018 жылдан 2020 жылға дейін елордада 51 бала терезеден құлады. Оның 13-і көз жұмып, 38-і түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Анықтама үшін: 2018 жылы – 21 бала зардап шекті, 8-і көз жұмып, 13-і ауруханаға жатқызылды. 2019 жылы – 21 бала зардап шекті, 3-і көз жұмып, 18-і ауруханаға жатқызылды. 2020 жылы – 9 бала зардап шекті, 2-і көз жұмып, 7-і ауруханаға жатқызылды. Терезеден құлаған екі және одан үлкен жастағы балалар. Олардың терезеден құлауының басты себебі – үлкендердің қараусыз қалдыруы. 

Тек жыл басынан бері Алматы ауданында 4,5 қабаттан құлап екі және төрт жастағы екі бала көз жұмды.



Өзгелердің жаңалығы