Баланы тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталында тіркеуге болады

17 Маусым 2020, 11:06
2133
Бөлісу:
Баланы тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталында тіркеуге  болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 жасқа толмаған баланың ата-анасы оны тұрғылықты жері бойынша "Электрондық Үкімет" порталында онлайн тіркей алады.

 

Көрсетілетін қызмет ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ХҚКО-ға бармай-ақ ата-аналарға өз балаларын өз бетінше тіркеуге мүмкіндік беру үшін әзірленген. Көрсетілетін қызмет өте қарапайым және түсінікті, ал, ең бастысы, оны 15 минут ішінде алуға болады, - деп түсіндірді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
 

Ол үшін "Азаматтық, көші-қон және иммиграция" қосымша бетінде "Тұрғылықты жері бойынша 16 жасқадейінгі балаларды тіркеу" көрсетілетін қызметін таңдап, "Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту қажет.

Бұдан әрі пайдаланушы (ата-ана) баланың ЖСН енгізу қажет, одан кейін АХАЖ ақпараттық жүйесінде туыстық байланысты растау үшін
тексеру жүзеге асырылады. Растау келгенде, анықтамалықтан "Келу мақсатын" және "Тіркеу себебін" таңдау керек. Онда көрсетілетін қызметке тапсырыс беруші ата-ана, бала тіркелген тұрғын үйдің иесі болып табылатындығын көрсету қажет.

Егер пайдаланушы меншік иесі болса, "Мен - меншік иесі" алаңын белгілейді немесе мекенжайдың тіркеу кодын енгізеді және табылған мекенжайлар бойынша баланы қайда тіркеуді таңдайды. Сұрау салуға ЭЦҚ немесе бір реттік парольдің көмегімен қол қояды. Сұрау салуды сәтті өңдеген кезде мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінімнің орындалуы туралы хабарлама келеді.

Егер пайдаланушы меншік иесі болмаса, "Мен – меншік иесі емеспін" алаңын белгілейді. Меншік иесінің ЖСН және мекенжайын енгізеді, содан кейін тіркелген объектілерге "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тексеру басталады. Растаудан кейін өтінім меншік иесіне келісуге кетеді. Өтінім меншік иесімен келісілгенде, пайдаланушы ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы сұрау салуға қол қояды, соның нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетіне өтінімді орындау туралы хабарлама келеді.

Өзгелердің жаңалығы