Бас жаңалықтар
Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек екені айтылды
26 Наурыз 2021, 15:20 2153

Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек екені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа келетін балалардың құжатын қабылдау басталатынын айтты.

1-сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады.

Мектеп 6 жасар және осы жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды, - деді ол.

Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 

Мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымдарына, мектептерге оқуға қабылдау қағидаттарына сәйкес емес құжаттарды талап етуіне болмайды. Тек қана 4 құжат тапсырылады, - деп айтты Каринова брифингте.

1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар талап етіледі:

- Ата-ананың өтініші;

- Оқушының жеке басының куәлігі;

- Медициналық паспорты;

- Фотосурет.

Ата-аналар осы көрсетілген құжаттарды портал арқылы тапсырып, балаларын келесі оқу жылына дайындауға мүмкіндіктері бар.

Министрліктің мәліметінше, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1-сыныпқа келетін балалардың болжамды саны 340 мыңнан аса баланы құрайды. 

Еске сала кетейік, IV тоқсанда оқу эпидахуалға байланысты жалғасады. 

Вице-министр атап өткендей, IV тоқсан форматына ауысқан кезде «бір оқушы-бір кабинет» принципі сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы қарастырылған. Әр сабақ 40 минуттан болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...