Баландиннің көлігінің айнасын ұрлағандарды жылдам ұстаймыз - ІІМ

1 Сәуір 2019, 11:40
2371
Бөлісу:
Баландиннің көлігінің айнасын ұрлағандарды жылдам ұстаймыз - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары Юрий Ильин Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландиннің автокөлігінің айнасын ұрлағандар жақын арада ұталатынын мәлімдеді. 

"Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыс камераға жазылған. Сол себепті Алматы қаласы полиция департаменті бөлімшесінің жедел әрекеті осы қылмысты жасаған қылмыскерлерді жақын уақытта ұстауға көмектесетін болады ", - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары. 

Еске сала кетсек, 31 наурыз күні Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің автокөлігінің айнасын ұрлап кеткен болатын.  Оқиға Құрманғазы, Абылай хан және  Байсеитова көшелерінің квадратында болған. Спортшы достарымен тамақтанып шыққанда айнасының ұрланғанын көріп, полицияға хабарласқан.

Олимпиада жүлдегері мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де дәл осындай оқиғаға тап болып, автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы