Балаларын аяусыз соққыға жыққан әке қамауға алынды

5 Қазан 2020, 12:52
3617
Бөлісу:
Балаларын аяусыз соққыға жыққан әке қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында өз балаларын аяусыз ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Отбасылық жұп заңды некелерін 2011 жылы қидырған. Үш баласы бар. Осыдан екі жыл бұрын әйел полицияға күйеуінің балаларды ұрып-соғатыны туралы шағым айтып келген, алайда, артынан арыз жазудан бас тартқан. 2019 жылдың сәуір айында екінші рет жүгінген болып шықты. Бұл жолы медиация аясында екі тарап келісімге келіп, ер азамат тағы жазасыз қалды.

Қазіргі күні балаларын аяусыз ұрып-соғатын ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға егжей-тегжейлі зерттелетін болады, - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, желіде балаларын аяусыз соққыға жыққан ер азаматтың видеосы тарап, қоғам тарапынан қатты сынға ұшыраған еді. Аталмыш факт құқық қорғау органдарының назарына да ілікті. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сол күні соққыға жығылған балалардың анасы да жұбайының үстінен арыз жазды.

Өзгелердің жаңалығы