Балаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейтіні рас па?

7 Қыркүйек 2021, 02:11
8503
Бөлісу:
Балаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейтіні рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте оқушылардың ата-аналарын балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіндігі туралы хабарламалар таратылуда. 

Оларға диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы егуге ақпараттандырылған келісім бланкісі беріледі екен. Оған қол қойған ата-ана баласын КВИ қарсы егуге рұқсат береді. Алайда stopfake.kz сайты бұл ақпараттың фейк екенін жазды.

Шын мәнінде, мұндай бланкілер қазақстандық оқушылардың ата-аналарына берілмейді. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді. 

Диаскин тест – бұл адамның туберкулезбен ауыратындығын анықтайтын нақты тест. Ол барлық балаларға бірдей жасалмайды. Оны Манту сынамасы оң нәтиже берген мектеп оқушыларына ғана жасайды. Диаскин-тест мектептерде емес, туберкулез диспансерлерінде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Тұмауға қарсы вакцинация да мектеп қабырғасында жүргізілмейді. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда да, әлемде де бір уақытта тұмаудан да, КВИ-ден де қорғайтын поливакциналар жоқ, – деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев. 
Демек, ата-аналарды балаларды егуге келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат фейк. Елімізде диаскин-тест те, тұмауға қарсы вакцинация да мектептерде жүргізілмейді.



Өзгелердің жаңалығы