Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет – Мұхтар Төлеген

8 Қаңтар 2022, 13:35
1875
Бөлісу:
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет – Мұхтар Төлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі жағдай тұрақталғанша балалар үйде отыруы керек. Мұндай пікірді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қымбатты достар! Осы күндері еліміз үшін оңай соғып жатпағаны белгілі. Ел басына күн туған қиын кезеңде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тағдыршешті шешімі - елдің жарқын болашағының кепілі болғаны ақиқат. Мемлекетіміздің тұтастығына қауіп төндірген экстремистермен күрес қазіргі күні әлі де қарқынды жүріп жатыр. Бұл жолда барлығымыз ел Президентінің тарапынан қабылданып жатқан шаралар мен шешімдерге түсіністікпен қарап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек. Ардақты отандастар, қазір баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ел татулығын сақтап, тәртіпке бағыну. Қойылған талаптарға қатаң бағынып, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің шешімі бойынша қысқы демалыс мерзімі ұзартылды. Елдегі жағдай тұрақталғанша балалар үйлерінде болулары шарт. Арандатушылықтан сақ болайық, құрметті ағайын! Бізге еліміздің жарқын болашағы, тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық өркендеуі керек, - деп жазады ректор.

Өзгелердің жаңалығы