МСҚ: Кәмелетке толмаған балалар қандай қызметтерді тегін ала алады?

1 Маусым 2020, 20:32
1483
Бөлісу:
МСҚ: Кәмелетке толмаған балалар қандай қызметтерді тегін ала алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмек түрлері қандай? Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бала денсаулығын қорғау және оны нығайту – өзекті мәселе. Өмірдің басты құндылықтарының бірі – денсаулық. Әр бала мықты, сергек, белсенді болуы керек: шаршамастан жүгіріп, велосипед теуіп, суда жүзіп, аулада балалармен ойнап, өсуі керек. Жиі ауырып, мазасызданатын баланың көңіл-күйі де болмайды, өз қатарынан қалыс қап, үлгерімі де нашарлайды. Сондықтан, бар қамқорлықты балаларға арналуы қажет.

Біздің балаларымыз – мемлекет қамқорлығында. Медициналық сақтандыру қорында 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан жарна аударылатын санаттар қатарына кіреді. Барлық медициналық қызмет балаларға – ақысыз, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмек:

  • Кеңестер, диагностикалық, емдік, диспансерлік көмек;

  • Салалық маман-дәрігерлерінің кеңесі;

  • Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек;

  • Жақ-бет аумағында туа біткен патология бар балаларға  ортодонтиялық көмек;  

  • Жіті және созылмалы ауруларды анықтау;

  • Тәуліктік, күндізгі стационар, үй жағдайында стационарлық көмек ұйымдастыру;

  • Созылмалы сырқаттары бар балаларды динамикалық қадағалау және емдеу;

  • Қалпына келтіру емі және медициналық реабилитация;

  • Скринингтік тексерулер;

  • Мектепке дейінгі мекемелерге және мектепке барар алдында сауықтыру;

  • Ата-аналармен, отбасы мүшелерімен немесе баланың заңды өкілдерімен ақпараттық жұмыстар жүргізу;

  • Жаңа туылған және 3 жасқа дейінгі балаларды міндетті патронаждық қадағалау;

  • 1 жасқа дейінгі балалар көрсеткіштері бойынша ана сүтін алмастыратын қоспалармен қамтамасыз етіледі;

  • Фенилькетонуриямен ауыратын балаларға емдік өнімдер беріледі;

  • Денсаулығы нашарлаған 5 жасқа дейінгі балаларға үйде медициналық көмек көрсетіледі.
Өзгелердің жаңалығы