Балалар суициді баршамыз үшін қайғы-қасірет – президент

16 Тамыз 2019, 14:01
1868
Бөлісу:
Балалар суициді баршамыз үшін қайғы-қасірет – президент
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тамыз конференциясында балалар суициді мәселесін көтеріп, оптимистердің жаңа буынын қалыптастыру қажет екенін айтты.

«Балар суициді – баршамыз үшін қайғы-қасірет. Біз балалардың мұндай қадамға неліктен баратынына ойлануымыз керек. Тұрақты өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру – тәрбиелеу процесі сапасының негізгі өлшемі. Біздің ортақ міндетіміз – берік ерік-жігерлі және өмірлік қиындықтарды жеңе білетін оптимистердің жаңа буынын қалыптастыру. Басқаша болмайды», - деп атап өтті президент.

Мемлекет басшысы БАҚ-тан балаларды ұрып-соғу жағдайлары, олардың тиісті емес жағдайда өмір сүруі туралы жиі хабарланатынын айтып, Үкіметке мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды қабылдауды тапсырды.

Президент балаларға экологиялық сананы сіңдіру қажет екенін айтқаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы