Бас жаңалықтар
Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту қолға алынды
25 Қараша 2020, 19:23 163

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында арнайы жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауқымы кең жоба сәуір айында «Атамекен» ҰКП мен «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ арасында туризмді дамыту жөніндегі жол картасы аясында келісілген. Негізгі мақсат - мектеп бағдарламаларын визуализациялау арқылы мектептен тыс жерлерде экскурсиялық сабақтар өткізу арқылы туризмге деген қызығушылығын арттыру.

Негізінен пилоттық жоба ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысында жүзеге асырылды. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде пилоттық жоба үшін экскурсия әдістемесі мен бағдарламасы әзірленген. Сондай-ақ, мектеп пәндері мен сабақ тақырыптары анықталған.

Ал, Түркістан облысында экскурсия өткізу үшін тарих пәнінен (6-сынып) «Түркістан-XII-XV ғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің орталығы» тақырыбы таңдалған. Экскурсиялық сабақ облыс орталығындағы тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштер шоғырланған «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында өткізілді.

Түркістан облысының туризм басқармасы ұйымдастырған шараға Кентау қаласы мен Отырар ауданынан келген 100-ге жуық оқушы қатысты. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуді көздейтін танымдық саяхат білімгерлердің туған елдің көрікті жерлері туралы мәліметтерге қанығып, білімдерін кеңейтуге мол мүмкіндік сыйлады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...