Бас жаңалықтар
Балалар мен оқушылар арасында қаржылық сауаттылықты қалай көтеруге болады?
Шолу
06 Қазан 2021, 14:31 2429

Балалар мен оқушылар арасында қаржылық сауаттылықты қалай көтеруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржылық сауаттылық - ол өмір сүруге қажетті ең негізгі дағдылардың бірі. Қазіргі таңда нарықтық экономиканың және жаңа технологиялардың арқасында адамдардың өмір сүру ұзақтығы артты. Бұл өз кезегінде жаңа мүмкіндіктердің ұлғаюы мен әрбір адам арқылы өтетін қаржылық ағындардың жиілеуіне алып келді. Алайда статистика бойынша жасөспірімдер тұрмақ, жалпы Қазақстан халқының көпшілігінде қаржылық сауаттылық туралы түсінік аз және сәйкес дағдылары да жоқ. Бұл мәселе халықаралық инвесторлар аптасында Alpharabius платформасының сарапшылар арасында талқыға түскен болатын.

Қаржылық сауаттылық дағдысы

Мектеп және университет түлектері 15 жылын өз істерінің маманы атанып, жоғары жалақы алуға арнайды. Бірақ сол тапқан ақшасын сақтауға, инвестицияға салуға және көбейтуге мүлдем уақыт бөлмейді, - дейді Alpharabius білім платформасының басшысы Диана Цой.

Осы себепті Alpharabius платформасының негізін қалаушылар қаржылық сауаттылықты көтеру үшін қазақ және орыс тілдерінде арнайы курс енгізген болатын.

FinAlpha-да қатысушылар меншікті бюджетті жүргізуді, кіріс пен шығысты қадағалауды, өзінің тұтынушылық әдеттерін бақылауды және ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренеді.

Қазір қаржылық әлемнің заңдылықтарын толық түсінбеу ауыр тіпті қайғылы салдарға алып келуі мүмкін. Бұған халық арасында банкке қарыз деңгейінің жоғары болуы, қаржылық пирамидаларға қатысуға ұмтылысы, әртүрлі қаржы алаяқтарынан жиі алдану да жатады, - деді Диана Цой.

FinAlpha жобасының сарапшысы Динара Дюсупованың айтуынша, ол кәсіпкерлік ойлау жүйесіне үйретеді.

Өйткені дәл осы аспект кәсіпкерлерді басқа адамдардан ажыратады және қолда бар ақшаны анағұрлым көбейтуге көмектеседі. Егер де сіз қазір кәсіпкер ретінде ойлай алмасаңыз, уайымдамаңыз. Мәселе сіздің интеллектіңізде емес, керісінше сіздің өмірді қалай көретіндігіңізде және шешімді қалай қабылдайтындығыңызда. Мұндай ойлау жүйесін дамытуға болады. Табысты кәсіпкер болудың жолдарын үйрететін көптеген кітап, тренинг бар. Сол ресурстарды оқыңыз, тыңдаңыз, білгеніңізді қайталаңыз. Табысты адамдармен байланысқа түсіңіз, сөйлесіңіз, олардың қалай табысқа жеткенін сұраңыз, - дейді ол.

Лайфхактар

Сарапшылар бизнесте табысқа жетуге көмектесетін негізгі қасиеттер мен оларды дамытуға болатын жолдарды атады.

1. Батылдық. Бұл қасиет өзіңіздің ісіңізді бастауға, белгісіздік пен тәуекелге толы жолға түсуге көмектеседі. Әр түрлі тәжірибе жинау арқылы сіз анағұрлым сенімді болып, адамдарды дұрыс түсініп, жеке командаңызды жинай алатындай деңгейге жетесіз. Сіз қателіктерден сабақ аласыз.

2. Тапқырлық және шапшаңдық. Бұл дағдылар әрдайым машықтануды талап етеді. Өйткені туындаған проблемадан мүмкіндіктерді көре білу және сол проблемаларды өзіңізге табысты шапшаң түрде шешіп үлгеру - өнер.

3. Креативтілік. Қарапайым күнделікті оқиғаларда өзгеше ойлау қабілеті, шығармашылық тәсіл көрсету, жаңартулар енгізу - бұның бәрі кәсіпкердің өз ісімен айналысуына қызығушылығын арттырады.

4. Зерделілік - бұл ұқыптылық, сіздің немен, не үшін айналысатындығыңызды толықтай түсіну. Бұл - таңдаған жолды, алға қойған мақсатты және нақты әрекет ету жоспарын ұстану. Әрі мақсатқа жету жолында адасқан болсаңыз, тура жолға түсу.

5. Ақша жайлы дұрыс түсінік. Нағыз кәсіпкер үшін ақша - мақсат емес, армандарды орындау мен айналасындағы әлемді өзгертудің құралы. Табысты бизнесмендер кірісті бірінші кезекте өзіндік даму мен ісін ұлғайтудың ресурсы ретінде, тек содан кейін ғана, лайықты марапат ретінде қарастырады.

Әрине, қаржылық сауаттылық әр түрлі адамдар арасында әртүрлі түсінікке ие. Біреулер үшін ол сауатты болу қорлар индексі мен құнды қағаздар нарығында хабардар болу дегенді білдіреді. Ал басқа біреулері үшін бұл тек финансисттер мен миллиондаған АҚШ долларлары бар адамдар ғана түсіну керек сала. Алайда шынына келгенде қаржылық сауаттылық адамдардың мамандығы, әлеуметтік деңгейі, жасы мен жынысына тәуелсіз, барлығына қатысты ұғым,- Диана Цой.

Диана Дюсупова атап өткендей, Батыс елдерінде көптеген жасөспірімдер жұмыс істеуді мектеп партасынан бастап, қаржыларын өздері басқарады.

Ал ата-аналары тек бағыт-бағдар береді, тіпті кей жағдайларда толық еркіндік береді. Өйткені қаржыны басқару, велосипед айдауды үйрену секілді, тек бірнеше рет сүрінгеннен кейін тәжірибемен келеді, - деді ол.

Alpharabius BCPD-дің мектептері мен университеттері, тіпті профессионалдардың EdTech әлемдік қауымдастығымен жасаған 5 жылдық жұмысының тәжірибесін жинақтады.

Alpharabius - бұл Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына ерте мансаптық бағдар және өмірлік дағдыларды қалыптастыру бағыттары бойынша қосылған жоба. Ендігі кезекте біз өзіміздің сараптамамызды нарыққа маркетплейс және оқушылар мен мұғалімдердің білім алу саласындағы платформалық шешімі ретінде таныстырамыз. Академиялық серіктестік біздің мықты жағымыз болған, әлі де болып келе жатыр,- деп бөлісті BCPD басшысы Эльмира Обри.



Фото: дереккөз
Загрузка...