Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар дәрігерлері марапатталды

13 Желтоқсан 2019, 19:09
6439
Бөлісу:
Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар дәрігерлері марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты егеменді еліміздің ең ұлық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" баспасөз қызметі хабарлады.

5.jpeg

Шара барысында бірқатар дәрігер Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен марапатталды. Атап айтқанда, 44 жылдан бері орталықта қызмет жасап, балалар денсаулығын нығайту саласына зор үлес қосып келе жатқан Диагностикалық кеңес беру бөлімінің ардагер дәрігері, гематолог Күлән Омарова ҚР ДСМ "Еңбек ардагері" медалімен, 20-30 жылдан астам балалар денсаулығын жақсарту жолында аянбай қызмет жасап келе жатқан мамандар: Педиатриялық блоктың басшысы Гүлнар Әбділова, Клиникалық-диагностикалық зертхананың дәрігер зертханашысы Ботакөз Сұлтанова, Функционалдық-диагностикалық және физиотерапия бөлімінің мейірбикесі Сауле Заитова, Диагностикалық кеңес беру бөлімінің мейірбикесі Света Айдарханова "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды, - делінген хабарламада.

2.jpeg

Ал Функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері Зауре Қайырбекова, Рентгеэндосваскулярлық кардиохирургия бөлімінің кардиохирург дәрігері Гүлжан Сарсенбаева, Клиникалық-диагностикалық лабораторияның зертханашы лаборанты Гүлназ Куташова, Сәулелі диагностикалық ульрадыбыстық бөлімшенің мейірбикесі Бақытгүл Бердибаева "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атанып, төсбелгімен марпатталды.

6.jpeg

Сонымен қатар, ҚР ДСМ "Құрмет" грамоталарымен: Жалпы педиатрия бөлімінің кардиолог дәрігері Әлия Бұғыбай, Ерте жастағы балаларға арналған гематология бөлімінің балалар гематолог дәрігері Әсел Мұратова, Функционалдық диагностика және физиотерапия бөлімінің мейірбике-массажисі Бұлбұл Жамботаева, №2 балалар онкология бөлімінің шаруабикесі Эльмира Ибрагимова марапатталса, ҚР ДСМ Алғыс хаттарымен: Хирургия бөлімінің дәрігер хирургі Азамат Оразалинов, Неонатология және нәрестелер хирургиясы бөлімінің неонатолог дәрігері Айжан Байгуттиева, Пульмонология бөлімінің аға мейірбикесі Гүлмира Чедырбаева, УДД және сәулелі диагностика бөлімінің аға мейірбикесі Назгүл Атанбекова марапатталды.

WhatsApp Image 2019-12-13 at 12.43.46.jpeg

Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген ақ халатты абзал жандарды орталық басшысы Риза Боранбаева өз қолымен марапаттап, баға жетпес өлшеусіз еңбектеріне зор алғысын білдірді. Алғы құттықтау сөзінде клиника басшысы орталықтың егемендіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерін баяндап, барша қауымды келе жатқан ұлық мерекемен құттықтады.

Шара шағын концерттік қойылыммен аяқталды.                            

Өзгелердің жаңалығы