Бас жаңалықтар
Балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен әйел ұсталды
PHOTO
15 Қазан 2019, 14:16 300

Балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлері бұрын сотталған 20 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді.

Қалалық ПД баспасөз қызметінен белгілі болғандай, жас әйел ата-аналардың назарын ала беріп, балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен. Негізінен күндізгі уақытта арам пиғылын жүзеге асырған. Тұрғындардың күдігін туғызбаған ол ашық қалған подъездерге кіріп, төменгі қабатта тұрған балалар арбасын алып шығып отырған.

f9a5-4532-e613-7350.png

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қолға түскен азаматшаның бұл қылығын алғашқы рет жасамаған. Қазіргі уақытта екі ұрлық жасағаны дәлелденіп отыр.

«Азаматшаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен тұрғындар болса, Бейбітшілік көшесі 19 үй мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы ПД : 8 (7172) 71-60-69 немесе «102» бойынша хабарласуға болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Қоғамдық орындар мен үй подъездерінен азаматтардың жеке мүлігінің қолды болуының негізгі себебі қараусыз қалдырудан.

Елордалық полиция азаматтарға өз жеке мүліктерінің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды сұрайды. Жеке мүліктерін аулада, подъездер мен үйге кіреберістерде, дүкендер мен өзге де қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауды және мүліктерді арнайы сақтау үшін жабдықталған орындарға қоюға ескертеді.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...